ГлавнаяИсполнителиШәмші ҚалдаяқовКешікпей келем деп ен
название:

Кешікпей келем деп ен


автор:

Шәмші Қалдаяқов


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 755 просмотров
Аңсаған бақытым сияқтанып 
Ай туып келеді қияқтанып 
Жол жаққа қараймын 
Сен жоқсың арайлым 
Кешікпей келем деп ең 
Мен тұрмын елеңдеумен 2
Қайтемін кінәләп бұған сені 
Сағатың алдаған шығар сені 
Нұр ойнап көзіңде 
Уәделі кезіңде 
Кешікпей келем деп ең 
Мен тұрмын елеңдеумен 2
Көшеде сырласып, шалқып басып 
Құрбылар барады қолтықтасып 
Тағатым таусылды 
Аңсадым даусыңды 
Кешікпей келем деп ең 
Мен тұрмын елеңдеумен

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кешікпей келем деп ен" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен