ГлавнаяИсполнителиЖанқұтты би«Не адал, не мықты»
название:

«Не адал, не мықты»


автор:

Жанқұтты би


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1559 просмотров
Не адал, не мықты?

Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін:
- Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды.
Сонда Жанқұтты:
- Адал болсаң, судай бол,
Су арамды кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді, - деген екен. Жауабына риза болған  Шабанбай би бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:
Аллаңа жағам десең, азанды бол,
Ағайынға жағам десең, қазанды бол,
Халқыңа жағам десең, әділ бол.
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Сөзің халқыңа куат болсын! -
деп батасын беріп аттандырған екен

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "«Не адал, не мықты»" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен