ГлавнаяИсполнителиЖигер АуыпбаевЖигер Ауыпбаев-Унатамын мен сенi
название:

Жигер Ауыпбаев-Унатамын мен сенi


автор:

Жигер Ауыпбаев


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1262 просмотра
Ұнатамын мен сені  дегенменен,
Көрмегенді басқадан сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егер де мен.

 

Ұнатамын мен сені,

Арманымдай еңселі,

Өмірімнің  өлшеміі,

Ұнатамын...

 

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана ырқыңа бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?!

 

Ұнатамын мен сені,

Арманымдай еңселі,

Өмірімнің  өлшеміі,

Ұнатамын...

 

Ұнатамын мен сені  бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.

 

Ұнатамын мен сені,

Арманымдай еңселі,

Жүрегімнің бөлшегі,

Ұнатамын...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жигер Ауыпбаев-Унатамын мен сенi" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен