ГлавнаяИсполнителиАмина ТаскынбаеваКазак елi
название:

Казак елi


автор:

Амина Таскынбаева


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 726 просмотров
Көңілі көлдей шалқыған
Қазақтай ел қайда
Даласы жусан аңқыған
Өзіңдей жер қайда
Киелім
Таусылмас саған айтарым
Ардақтап өтейін
Бабадан қалған байтағым
Садағаң кетейін
Киелім

Күлімдеп жатқан көлден
Көк орай шалғын белден 
Құбыла соққан желден 
Айналайын
Тілегін тәңір берген
Қасиет қонған елден 
Ел үшін туған ерден
Айналайын

Болмасаң өзің айбарым
Мұратқа жетер ме ең
Түспесін төмен байрағың
Төбеңе көтерген
Киелім
Ғасырлап күткен арманға
Тербеген асқақ ән
Ұлыңа Алла жар болғай
Елімді бастаған 
Киелім

Күлімдеп жатқан көлден
Көк орай шалғын белден 
Құбыла соққан желден 
Айналайын
Тілегін тәңір берген
Қасиет қонған елден 
Ел үшін туған ерден
Айналайын

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Казак елi" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен