ГлавнаяИсполнителиМаржан Арапбаева және Еркін МәуленГүл сезім
название:

Гүл сезім


автор:

Маржан Арапбаева және Еркін Мәулен


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 949 просмотров
Өмірде тағдыр айдап
Кездестім өзіңменен
Кезім бұл бал-бұл жайнап
Қайғым-ау сезілмеген.

Тұңғиық көзіңдегі 
бөлендім шапағатқа 
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай 

Келеді құшақтағым 
Келеді еркелегім
Ешкімге Ұқсатпадым 
Не деген көркем едің

Бейнеңе елжіреген 
Тым ұзақ жаутаңдадым
Жанымның мөлдіреген 
Сырларын айта алмадым

Тұңғиық көзіңдегі 
бөлендім шапағатқа 
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Гүл сезім" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен