ГлавнаяИсполнителиНұрлан ӨнербаевҚарағым-ай
название:

Қарағым-ай


автор:

Нұрлан Өнербаев


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 998 просмотров
Қарагым ай
Сұлулық осындай болады екен
Бір басқа армансыз қонады екен
Адамдар өмірге қонақ екен
Шынымен бұл дүние шолақ екен

Қарағым ай
Еліктер осылай жосады екен
Жолыңнан сені кім тосады екен
Бұл коңіл неліктен босады екен
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен

    Қарағым ай
    Қиылып үзіліп қарадың ай
    Қараған қандай сұлу жанарың ай

Қарағым ай
Бұл өмір осылай өтеді екен
Сүймесең дүние бекер екен
Парақтап жинасаң бар ғұмырың
Бір сүйген күніңе ай жете ме екен

    Қарағым ай
    Қиылып үзіліп қарадың ай
    Қараған қандай сұлу жанарың ай

    Қарағым ай
    Қиылып үзіліп қарадың ай
    Қараған қандай сұлу жанарың ай

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қарағым-ай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен