ГлавнаяИсполнителиМейрамбек БесбаевҚұс қанат ғұмыр (2013)
название:

Құс қанат ғұмыр (2013)


автор:

Мейрамбек Бесбаев


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1541 просмотр
Өмiрдiң мәнiн кiм бiлген
Бiр күнiм ұқсас бiр күнмен
Таң атса күннiң батарын 
Бiлсем де бейқам жүрдiм мен 
Тағы да мiне, таң атты 
Шапағын тегiн таратты 
Манаурап естi жиғанша 
Масайрап мезгiл барады

Қ-сы: 
Таң атса болды, күн батты 
Ұршығын мезгiл зырлатты 
Құс қанат менiң ғұмырым 
Қанатын тағы бiр қақты 

Тұсаудай тұтам тiрлiкте 
Тентiреп текке жүрдiк пе?! 
Жойылып жерден кетер ме ек 
Жобасы түскен бiр нүкте 
Не алдым елге, не бердiм 
Өтеусiз бе едi келер күн 
Қырандай баулып өсiрген 
Халқыма ендi не дермiн?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Құс қанат ғұмыр (2013)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен