ГлавнаяИсполнителиНеизвестенАйым болып тудың ба?
название:

Айым болып тудың ба?


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1191 просмотр
Айым болып тудың ба?
 Күнім болып тудың ба?
 Әке жолын қудың ба?
 Ата жолын қудың ба?
 Бұл дүниеге келген соң,
 Сұрауы бар судың да...

Қуанышым, арай жүз,
 Сөйлесерміз талай біз.
 Бар ағайын жиналып,
 Мәз боп саған қараймыз.
 Сендей бала ешкімде,
 Болмаған деп санаймыз. 

Не деп енді мақтайын,
 Айтуға сөз таппаймын.
 Мақтап кетсем көбірек,
 Мен әжеңе жақпаймын.
 Келші келші балашым,
 Бір иіскемей жатпаймын.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Айым болып тудың ба?" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен