ГлавнаяИсполнителиНеизвестенКөктем келіп жетті міне тағыда
название:

Көктем келіп жетті міне тағыда


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1067 просмотров
Көктем келіп жетті міне тағыда
Мен отырмын жылай да алмай жабыға
Өткен күндер көз алдыма тізіліп
Қарайлаймын қайтқан құстар тобына

Сүйемін сені неге екенін білмеймін
Білмеймін жаным
Солған бір байғұс гүлдеймін
Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да
Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін

Қош бол енді менің сүйген арманым
Қайда жүрсең орындалсын арманың
Бірақ-бірақ сүйіп өтем мәңгілік
Жаным менің жаным менің арманым

Сағындым сені сағымдай өткен күндерді
Сені ойлап ұзақ ұйқысыз жатқан түндерді
Жан досым айтқан үздіксіз сырды арманда
Менімен бірге мұңдасқан әсем гүлдерді

Сүйемін сені неге екенін білмеймін
Білмеймін жаным
Солған бір байғұс гүлдеймін
Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да
Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көктем келіп жетті міне тағыда" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен