ГлавнаяИсполнителиTaka Tolepov & EskuatАнашым | www.alemedia.pro
название:

Анашым | www.alemedia.pro


автор:

Taka Tolepov & Eskuat


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 902 просмотра
1 Eskuat Amanturly

Бұл жарық жалғандағы шырылдаған жалғызда жан
Мен үшін тозды ау жаның, уайымдаған
Жүрек түбі бойлай шыққан жылы сөздер
Жаныма кеп рух бергендей әсер алам

Қара түнде мың ояндың қорған болдың
Анашым сен бауыр басып мен үшін тек жан қорладың
Жалбарынып жаратқаннан сұрағаның
Сәбиімді жебей көр деген жалғыз сөзің

Күні түні еркелеткен сол бір сөзің
Үнің жарқын анашым өлеңдетіп жыр төккенің
Бұл жалғанның сынағын ақ қарасын
Түсіндіріп үнемі кеп құшақ алдың

Ес білгелі анашым түсіндім бәрін
Ер жеткенді мен жүрмін мұңды жаным
Нәресте кез қайта оралып келмес анық
Қол бұлғап тұр әнекей сол шағым

2 Taka Tolepov

Кейде жаным зар жылайды мұңға толып
Нұрлы жүзің анашым аяқ асты неге солып
Сәби үшін ананың бауыр еті жыртылғанғой
Сыр білдірмей арамызда жүребердің күліп

Жалғандағы бәйгеге баулыған тұлпарыңыз
Қанат қақты көкке ұшып самғайды кеп сұңқарыңыз
Адамның баласымын дегенімді көп көргенімдей
Кенеттен мен от бастымау өміріме қалған дақтан із

Жолымнан мен адастымба жетегіне ердім шайтанның
Анашымау көмектесші деген сөзді қайталадым
Көз жасымда көлдей болды шыдам жоқ таусылады
Әттең бұл жай ғана сынақ қалайша мен шыдамадым

Анашым менің-ешқашан қартаймашы
Ақ жүзіңізді күлімдеген бұлт шалмасыншы
Өмірдегі тірегім анашым деп білемін
Сіз деп мәңгі соғады менің бала жүрегім...
 [bad word] alem_media

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Анашым | www.alemedia.pro" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен