ГлавнаяИсполнителиШамшi Калдаяков (Болат Бокенов)Ақ маңдайлым
название:

Ақ маңдайлым


автор:

Шамшi Калдаяков (Болат Бокенов)


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 991 просмотр
әні Шәмші Қалдаяқовтікі

сөзі Мұзафар Әлімбаевтікі

 

Көк майса Алатаудың бөктерінде,

Гүл тердік жастық шақтың көктемінде.

Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,

Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

 

Қайырмасы:

 

Айналдым, ақ маңдайлым,

Ақылдым, бал таңдайлым.

Жалынды жас дәуренде,

Ұялма "жан сәулем" де.

Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,

Жадырашы, назданшы, еркелеші.

 

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,

Өзіңе іштей мені тартып еді.

Өзгеге өзін қимас өр көңілім,

Лебіңмен қорғасындай балқып еді.

 

Қайырмасы:

 

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,

Өзіңе іштей мені тартып еді.

"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой,

"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ маңдайлым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен