ГлавнаяИсполнителиОналхан НаурызбаевТуган жерим Куланым (минусовка)
название:

Туган жерим Куланым (минусовка)


автор:

Оналхан Наурызбаев


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 650 просмотров
Туған жерім, Құланым!
Сөзі: Нариман Дәулетов 
Әні: Арман Бексұлтан

Туған жерім, Құланым, қасиетті өз елім
Саған деген сағыныш, алыс кетсем сеземін!
Сұмқайтыдай көлім бар, шежірелі елім бар,
Бойыңда дерт қалдырмас Қарақыстақ өзенім!

Қ-сы:
Туған жерім ұраным,
Қасиетті Құланым!
Ажарыңды ашқандай
Өзен, көлің, бұлағың.
Көне жерім, Құланым,
Өскен жерім тұрағым
Саған мәңгі арналар
Жүректегі жыр-әнім!

Құтты мекен Құланым, кең даламның белінде,
Өрлігіңнің белгісі қыран ұшқан көгіңде!
Әбілхайыр бабамыз орда тіккен бақ мекен,
Қасиетіңнен айналдым Ақыртөбе төрінде!

Бойға қуат аламын, Құланыма келем де,
Арқау болдың әніме, қуат болдың өлеңге!
Әбсенттей тұлпарым, бауырыңда жараған,
Мәртебесін Құланның жайды бүкіл әлемге!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Туган жерим Куланым (минусовка)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен