название:
автор:
Халық әні
автор:
Неизвестен
рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1474 просмотра
- Текст
- Открытка с текстом
Халық әні Ажарың ашық екен атқан тандай Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай Анаңнан сені тапқан айналайын Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай Беу-беу гауһар тас Құсни, құрдас Раушан жүзің көргенде Сәулем-ау, сабырым қалмас Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан Шолпандай таң алдында жалғыз туған Жылы су, қолда құман, қарда орамал Жібекпен қызыл гәріс белін буған Беу-беу гауһар тас Құсни, құрдас Раушан жүзің көргенде Сәулем-ау, сабырым қалмас Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң Жай жүріп шаттанасың әсерленіп Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған Беу-беу гауһар тас Құсни, құрдас Раушан жүзің көргенде Сәулем-ау, сабырым қалмас
А как ты думаешь, о чем песня "Халық әні" ?