название:
автор:
Түн
автор:
Al Nasr (G-Had Отбасы)
рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1606 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
12.05.2012 Күн тығылып ұяға, сығалады кешкі ымырт, Қара түнек басты, бұл қала жым-жырт. Мына жұрт ұйқысыз, жиналуда көшеге. Жоспар бар, бәрі дайын өшуге. Шыт киінген денелер, дара жолдың екеуі, Бақылады аспаннан, қарақшының жетеуі. Көше бойын жағалап, шайтанның әскері. Жын пері екі топ, іске кіріседі. Зәулім сарай мұнара, қозғалыс орталығы. Қыбыр-жыбыр миллиард, Байдың қалталығы, қағаз бен сан, есеп, Түнімен шамы жарық. күзетуде мықтылар, Өйткені, жаны нарық. Түнгі бизнес түсі қара, алу сату. Жан, тәні, шаң бәрі бар, теңге жарату. Қызуда сауда, түнгі клуб дауда. Шұбырған қалың топ, жануда лаулап. Қарапайым серілер, түнде SALAMALEC. Даланың дарындары, әуен жазумен әлек. Әкім халықты ойлар, ақын жарықты бойлар. Мәңгі ұйқыдан, Құдай бар оятар Қараңғы көше, көлікке керек жанармай. Қара жол бетінде, ізі жатар дарымай. Түннен қалар өрнек көп, биік үйлер куәгер. Бірі нәпсі қамы үшін, бірі мұны күнә дер. Түнде түрлі оқиға, болып жатады ылғида. Қида піскен нан тәтті, шіркін жайлау тұр мида. Қой кеміп қойшыда, қасқырды семіртті, Той шулатқан асаба, бай қалтасын кемітті. Жиналып бір қора жұрт, қырмауында интернеттің. Үйректің ауызындай, қыздарыңды билеттің. Жастар арасында, жаман ой тарады. Дәрежелі адамдар, кім болып барады. Оянды жын іштегі, жоспары бар бұл түнде. Бұлтаңдаған құйрықтар, беріп қояр кілтінде. Күркілдеген серілер, әлсіздігін сезінбес. Теріс ойлар ақылы, өкпе толы күлкіге. Түр-түрлі көліктер, көркейтті қаланы. Қара түнде бәрінің таксист маманы. Маста, Nasr, адамдар басы. Жастыққа тие сала, тез ұйықтасын. Төбеде ай шамы, ұйқысыз бай жаны. Жастраға беймәлім, түнектің майданы. Наданның тайраны, білмейді пайданы. Өтуде мына түн, өмірдің қаймағы.
А как ты думаешь, о чем песня "Түн" ?