ГлавнаяИсполнителиНеизвестенКөктемнің құлпырған шағындай
название:

Көктемнің құлпырған шағындай


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1139 просмотров
Көктемнің құлпырған шағындай
Арайлап атқан нұр таңындай
Жадырайды жанымда менің
Балғын бағымдай
Сезімге журегім жол ашты
Бүріндей ағаштың алғашқы
Оянған бұл нәзік сезімім
Әнмен жалғасты

Қайырмасы:
Махаббат әні
Жүрекке ұялады
Жер-көкке сыйа алмадым
Бір өзіңді аңсаумен, асылым
Шомылып ойға
Армандай қиялдадым
Өзгеге қия алмадым
Жүрегімдегі бұл сезімді
Бір сәтке тыйа алмадым

Санама сезімім бағынбай
Өне бойым өрт болып жалындай
Ғашығын аңсаған бұл жүрек
Қайтсын сағынбай
Көңілім әнменен үндесті
Ғажайып ерекше күй кешті
Сиқырлы сазым бол
Сезім, жаным сен десті

Қайырмасы х2

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көктемнің құлпырған шағындай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен