ГлавнаяИсполнителиДосымжан танатаровТағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым, Ұмытамын
название:

Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым, Ұмытамын


автор:

Досымжан танатаров


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1492 просмотра
Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым,
Ұмытамын деп өршітіп алдым отымды.
Жаным-ау сен де келместі күтіп жүрмісің?
Жас жүрегіңе тұмар қып жазып атымды.

Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

Толқыттың мені, есіме түстің, тербедің,
Алтыным менің, қадірін білмес сен менің.
Кешірші жаным, оралмас қайта көктемді,
Кешірші мені, жоғалтқан өмір өрнегін.

Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдімімм!

Аққуым менің, ақ гүлім едің, ғашығым менің,
Асылым едің, қиялым менің, ұяңым едің,
Аяулы арманым.

Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым, Ұмытамын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен