ГлавнаяИсполнителиНеизвестенБалғын тәтті тілегімменен
название:

Балғын тәтті тілегімменен


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1390 просмотров
Балғын тәтті тілегімменен,

Қадам басып, ілгері келем.
Күннің нұрлы ай сәулесінен,
Өткен күннің іздерін көрем.

Құшағыңды сағындым, ана,
Жұбатады жанымды сан ән.
Қасиетім қорғаның ең маған,
Әніммен де табынам саған.

 

Қайырмасы:
Әттең-ай-ау, әттең,
Тағдыр неткен қатты ең.
Жадымдасың мәңгі

«Ана» деген атпен.

 

Бөбегіңнің қорып ұйқысын,
Құшағыңа ап, «күнім» дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
«Аман болсын нұрым» дейтінсің.

Сұрағым көп өмірге мынау,
Жанымда мұң, көңілде қырау.
Бақыт нәрін сезген сәттерде,
Қуат берген сенің демің-ау.

 

Қайырмасы:
Әттең-ай-ау, әттең,
Тағдыр неткен қатты ең.
Жадымдасың мәңгі

«Ана» деген атпен.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Балғын тәтті тілегімменен" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен