ГлавнаяИсполнителиМейрамбек Беспаев пен Сандуғаш СтамғазиеваСен болмасаң
название:

Сен болмасаң


автор:

Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиева


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1526 просмотров
Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым, күнде арман
Айналайын, гүлім бол
Жүрегімді бір жарған

Сен болмасаң серігім
Аялайды мені кім
Ертелі кеш сен жаққа
Елеңдейді көңілім

Сен болмасаң тірегім
Кімге жылап күлемін
Жүрегімде тілегім
Алақанда жүрегім

Сенсіз мынау жалғанда
Өтер ме едім арманда
Елжірейсің, балқисың
Мен әніме салғанда

Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумізге бір ғұмыр
Бере көрші Таңірім

Сен болмасаң тірегім
Кімге жылап күлемін
Жүрегімде тілегім
Алақанда жүрегім

Сен болмасаң аяулым
Кімге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегімнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды бағым да
Менің ғазиз тағдырым
Сенің ғана қолыңда

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен болмасаң" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен